Хаммер

Кентау қаласының полицейлері жол жүру ережесін бұзған лимузин жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.

Хаммер
Тәртіп бұзған жүргізушінің көлігі

Таяуда әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда Кентау қаласында түсірілген видео тарап кетті. Онда «Хаммер» лимузинін мінген жүргізушінің қалалық алаңда көлігін 180 градусқа бұрып, шиырлатқан сәті жазылған. Бұл азамат осы әрекетімен жолда жүру ережесін бұзды дейді тәртіп сақшылары.

Іздестіру-анықтау жұмыстарының нәтижесінде Кентау қаласының инспекторлары лимузин жүргізушісін анықтады. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.

Хаммер

Қазіргі таңда жүргізуші Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстінің 595-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол бап 10 айлық-есептік көрсеткіште айыппұл төлеу жазасын қарастырады.