Құны 1 миллиард 100 миллион теңгеге бағаланған Қапал батыр көшесіндегі теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталды. Бүгін белгілі болғандай, құрылысқа жұмсалатын қаржының 700 млн теңгесі игерілген.
Мердігер «Береке корпарациясының» мамандары алдағы наурыз айында ескі көпірді бұзуды жоспарлап отыр. Құрылысшылар қаһарлы қыс айына қарамастан жұмыстың қарқынын күшейткен. Дәл қазіргі уақытта жаяу жүргінші жолы салынып жатыр.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, көпір құрылысының ең қиын сәтері артта қалған. 2016 жылдың қараша айына дейін өткелдегі құрылыс толығымен аяқталып, қолданысқа берілетін болады.