Қаршадай қыз мас әкесінен адасып қалды

257
Адасқан бүлдіршін
Адасқан бүлдіршін

Шымкентте 3 сынып оқушысы далада қалды. №46 мектептің шәкірті үйін таба алмай, біраз көше кезіп сандалған. Шақырымдап жол жүруден шаршаған бүлдіршінді жергілікті тұрғындар байқап қалыпты.

Адасып қалған кішкентай қыз Арғынбеков көшесімен жүріп келе берген. Сөйтіп №87 мектептің төңірегіне бір-ақ жетіпті. Түнгі сағат 1-лер шамасында бүлдіршінді Самал шағынауданының тұрғындары тауып алған. Сөйтіп дереу 102 сымтетігі арқылы полицияға хабар берген.

Адасқан бүлдіршін
Адасқан бүлдіршін

Тәртіп сақшылары бүлдіршінді Абай полиция бөліміне жеткізді. Өзі №46 мектептің 3 сыныбында оқиды екен. Сабақтан шыққасын, әкесі екеуі үйге қарай бет алған. Бірақ қасындағы жанашыры бүлдіршінді ыңғайсыз жағдайда қалдырыпты.

«Папам есіктің кілтін жоғалтып алған. Ішіп алған, жолда құлап қала берді. Мен сосын өзім кетіп қалдым. Мама жұмыста шығар. Ол базарда алма сатады.»

Абырой болғанда жеткіншек аман-есен. Енді тәртіп сақшылары оны ата-анасына тапсырамыз деп отыр.

Ернар Балабеков