Әйелін ұратындар әлі де көп…

187

Ерінен таяқ жейтін жеңгелер азаймай отыр. Түркістан қаласының тұрғыны үкіметтік емес ұйым өкілдеріне көмекке жүгінген. Жұбайынан қорлық көрген азаматша «Сана-сезім» қоғамдық-құқықтық орталығынан араша сұрап келіпті.

"Сана-сезім"Орталық мамандары жәбірленген келіншекке көмектесу үшін астаналық әріптестерінің көмегіне жүгінген. Олар азаматшаны арнайы мекемеге орналастырып, бала-шағасын қамқорлыққа алған. Өкіншке қарай, өңірімізде мұндай көмекке мұқтаж жандардың саны көп дейді орталықтың мамандары.