Өз қызын қорлаған азғын әке сотталды

343
Айыпталушы әке

Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта туған қызына зорлық-зомбылық көрсеткен әкеге қатысты үкім оқылды. Екі жылдан астам уақыттан бері ол қызына нәсіпқұмарлық пиғылын көрсетіп келген.

Өз қызын қорлаған азғын әке сотталды

Әкесінен жәбір көрген жасөспірімнің түңіліп жүргенін ұстазы байқайды. Психологтың араласуымен оқушы қыз болған оқиғаны мектеп директорына айтқан. Осыдан кейін полицияға хабар беріліп, 55 жастағы күдікті қамауға алынды.

Әкесінің қызына тиісіп жүргенін естіген анасы аса сенбей, мән бермей келген екен. Тек тергеу барысында жәбір көрген қыздың осыдан бір ай бұрын өзіне қол жұмсамақ болғанын есіне алды. Қыздың анасы сотта өз күйеуін аямай, өмір бойы түрмеге қамауды сұранады. Дегенмен, сот бұл бапта ондай жазаның жоғын айтып, сұм әкені 15 жылға түрмеге қамау жазасын кесті.

Қазір 55 жастағы айыпталушының жазасы заңды күшінен енген. Ал жасөспірім қыз арнайы оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр.