Жергілікті жерде туындаған мәселені билікпен бірге шешудің жолдары. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері осы әдісті үйреніп жатыр. Мәселені бірге бірлесе шешу заман талабы екенін ескерген қоғамдық ұйым мүшелері бұл тақырыпты «Береке ынтымақ арқылы» бағдарламасы шеңберінде оқуда.
«Қоғамдастықты жұмылдыру» тренингінің жұмысы қатысушылардың өздерін таныстырумен, семинардың өту ережесі мен тәртібін пысықтаумен басталды. Аудандардағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестік қорлардың белсенділері үшін қоғамдастықтың мұқтажын бірігіп бағалау және іс әрекет жоспарын дайындау өзекті. Қазығұрт ауданындағы «Жалында жастар» ұйымының төрағасы Сардор Исманов осы түйткілді сауалдың шешу жолын иегеруге келгенін жасырмайды.
Сардор Исмаилов, Қазығұрт ауданындағы «Жалында жастар» ұйымының төрағасы: «Мен осымен бірнеше семинарға қатысып жатырмын. Тоқығанымыз көп. Ауылды көтеріп, бар мәселелерді халықпен бірігіп шешуге тырысамын.»
Ауылда тозығы жеткен жолды жаңалау, су құбырын тарту, көгілдір отын кіргізу сияқты мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы зор. Алайда бұл жұмысты жүргізу үшін құқықтық сауаттылық қажет. Ал, екіншіден, жергілікті билік пен монополистрдің жергілікті филиалдарымен тығыз қарым-қатынас түзу керек. Сонда ғана елдің мұқтажын шешуге жол ашылады дейді тәжірибесі мол аға буын өкілдері.
Мұстафа Сүлейменов, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы : «Ауылдың жағдайы жақсарып келеді. Жұмыс жүріп жатыр, алайда оны жүйелендіріп, нәтижесін арттыру керекпіз. Ол үшін жоғары технологияларды меңгеріп, қоғамдастықты сауатты жұмылдыру керек.»
Семинар-тренингке қатысушылардың жолы болды. Қоғамдық ұйым белсенділері бұған дейін қолданып келген әдістерін жайып салды. Енді оны меңгеру қиынға соқпасы анық. Айта өтейік, бағдарлама «Береке» және «Экоцентр» қоғамдық бірлестіктерінің серіктестік негізінде халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.
Шынар Оразова