Шымкентте 2012 жылдың шілдесінен бері іздеуде жүрген сотталушы өз еркімен құқық қорғау органдарына келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2012 жылы шілдеде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 27 жастағы ер адам Шымкент қаласындағы ИЧ-167/10 түзету мекемесінде жазасын өтеуден жалтарып, жұмыс нысанынан өздігінен кетіп қалғаны анықталды. Сол кезден бастап ол іздеуде болған» делінген хабарламада. Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.