«Beeline» компаниясының қызметін пайдаланғаны үшін Оңтүстік тұрғыны 5 млн теңге ұтып алды. Жеңімпазға компания басшылығы қомақты қаржыны салтанатты түрде қаржыны табыстады. «Көптеген сыйлық» акция аясында өткізілген ұтыс ойыны екі айға созылған. Осы науқанның бас жүлдесі Түркістан тұрғыны Ділмұхаммад Ырысбаевқа бұйырды.
«Beeline» ұсынған ұтыс ойынына Қазақстанда 1 миллионнан астам азамат қатысты. Науқанның қорытындысы бойынша 27 адам қомақты қаржыға ие болды. Оның ішінде үш жеңімпаз — Оңтүстік тұрғыны. Жаңа жыл қарсаңында олар ақшалай сыйлыққа ие болған.
«Beeline» операторы мобильді қызмет көрсетуде үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бұдан бөлек қолжетімді ғаламторды пайдалану, халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерін көрсететін әмбебап оператор.
Қазіргі таңда «Beeline» компаниясының қызметін тұтынушыларының саны елімізде 9 млн асады. Бір жылдың өзінде байланыс орталығы 217 млн абонентке қызмет көрсеткен.
Болашақта «Beeline» байланыс орталығында көрсетілетін қызметтер түрі тағы толығады. Нақтырақ айтқанда, компания халықаралық байланыс пен қолжетімді интернет қызметін одан әрі дамытпақ.
* — жарнама негізіндегі мақала