Бес баланың анасын қағып кеткен жүргізушіге іздеу салынған

267
Полиция

Шымкенттің полицейлер адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні іздестіруде. 2015 жылдың 26 желтоқсаны күні сағат 08:20 шамасында Т.Рысқұлов көшесінде белгісіз жүргізуші анықталмаған автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

ПолицияЖол апатының кесірінен жәбірленуші азаматша — 32 жастағы облыс орталығының тұрғыны аурухананың жансақтау бөлімінде алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан өзіне келе алмаған күйінде қайтыс болды.

Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орынынан бой тасалаған белгісіз тұлғаның жеке басын анықтау мақсатында облыс және Шымкент қаласының тұрғындарынан осы оқиғаның куәсі болған немесе қандай да бір ақпарат білетін азаматтар болса, ОҚО ІІД-нің мына телефондарына хабарласуларын сұранады:

ОҚО ІІД анықтау басқармасы — 23-18-07, 8775 600 62 10
ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы — 98-08-04, 55-52-52 немесе 102