Бір айдан аз уақытта 12 адам уланып, мерт болды

257
А.Путейко

Облыста жыл басына бері уланудың 9 оқиғасы тірелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артық. Бұл туралыоблыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы Александыр Путейко мәлімдеді. Төтеншеліктер соңғы кездері өрт оқиғалары жиілеп отыр деп дабыл қағады.

А.ПутейкоТөтенше жағдай мамандары уланудың салдарынан 24 адам зардап шегіп, 12-сі көз жұмған дейді. Оның төртеуі — балалар. Соңғы 7 оқиға көмірмен жылытатын пештердің ақауынан орын алса, 2 оқиға табиғи газдың шығуынан болып отыр.

Мамандар бұл жағдайларға желдеткіш жүйелерінің бұзылуы мен газ құбырларының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған дейді. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарды газ қазандықтарын жөндеуде тек мамандарға ғана жүгінуге шақырады.

Өңірде өрт оқиғалары да өршіп тұр. Жыл басынан бері өрт сөндіру қызметінің мамандарына 100-ден аса дабыл түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Ал былтыр облыс аумағында 866 өрт оқиғасы тіркеліпті. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық дейді жауаптылар.

Оқыс оқиғалардың дені жеке тұрғын үйлерде болған. Төтеншеліктер электр желілерінің тұйықталуы мен өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарының сақталмауы сан соқтыратын жағдайларға әкеп тірейді дейді.

Департамент басшысы төтенше оқиғалардың алдын алу шараларына күш салатынына сендірді. Айтуынша, биыл үгіт насихат жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі де артып отыр.