Coll-орталыққа екі мыңнан астам қоңырау түсті

239
coll-орталық

ОҚО әкімдігіне қарасты бірыңғай байланыс орталығы ашылған күннен бері coll-орталыққа 2 мыңдай оңтүстікқазақстандық тұрғыннан түрлі мәселелер бойынша сауалдар түскен.

coll-орталықНақтырақ айтсақ, келіп түскен 1941 қоңыраудың 678-і жылу мәселесіне қатысты болса, көгілдір отын бойынша — 196, электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі негізінде — 167, ауызсу бойынша — 117, Шымкент қалалық ТҮКШ бөліміне — 163, Шымкент қаласы аудандарының әкімдіктеріне 373 хабарлама жолданған. Ал қалған 250-дей арыз-шағым өзге де жауапты мекемелерге жіберіліп, тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылған.

Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда 31 сауал тиісті мекемелерде қаралып жатыр. Байланыс орталығы ашылғалы 2 ай ішінде қоңыраулар негізінен Шымкент қаласының тұрғындарынан түскен. Ал биылдан бастап орталық облыстың барлық аудандарынан қоңырау қабылдауды жоспарлауда.

Айта кетейік, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы өткен жылдың қараша айында құрылған болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі