Еңбекші ауданы әкімінің кезекті есебі

264
Еңбекші ауданының әкімі

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов халықпен екінші рет кездесіп, бір жылда атқарған ісінің есебін берді. Бұл жолғы кездесу №10 мектептің мәжіліс залында өтті. Жиында тұрғындар белсенділік танытып, көкейдегі сауалдарын ашық жеткізіп, тиісті жауаптарын алды. Белгілі болғандай, биыл ауданда ирригациялық жүйені қалпына келтіру, көше жолдарын жөндеу, жарықтандыру, балалар алаңшаларын салу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Еңбекші ауданының әкімі400 мың халқы бар ауданда 180 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан. Аумағы Төле би, Сайрам аудандарынан қосылған елдімекендер есебінен кеңейген ауданда әлеуметтік мәселелер кезеңімен шешілуде дейді әкім.

Есепті мерзімде ауданды көріктендіру бағытында бей-берекет қоқыс тастайтын орындарға демеушілердің есебінен жылжымалы бейнебақылау камералар орнатылып, бұл бастама нәтижесін берді.

Кінәлілердің үстінен 39 әкімшілік хаттама түзіліп, әкімшілік шаралар көрілді. Көп жылдары шешімін тапаған Қапал батыр көшесінің бойындағы теміржол көпірінің құрылысы 2015 жылы басталып, биыл қыркүйекте пайдалануға тапсырылмақ.

Тұрғындар барлық мәселелердің кезеңімен шешіліп жатқанына куә. Алайда инфрақұрылымға қатысты күрделіліктер әлі де жетеді.

Сын-ескертпелері мен ұсыныстарын жеткізген тұрғындар былтырғы атқарылған жұмысы үшін аудан әкімдігіне қанағаттандырарлық деген баға қойды.