Оңтүстік палуаны грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы атанды

357
Оңтүстіктің жүлде қоржыны екі алтын медальмен толықты.

Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан және Алматы мен Астана қалаларынан құрамалар жиналған болатын.

Жарыс нәтижесінде Оңтүстіктің палуандары ерледі. Бапкерлердің айтуынша, ең бастысы, 66 келі салмақтағы палуандар арасында жаңа есім пайда болды. Осыған дейін үздіктер қатарында көрінбеген жерлесіміз Магомед Чухалов чемпион атанды. Жас жігіт 66 келілер арасында күресіп жүрген қарсыластарының барлығын да тізе бүктірді.

Оңтүстіктің жүлде қоржыны екі алтын медальмен толықты.
Оңтүстіктің жүлде қоржыны екі алтын медальмен толықты

Сондай-ақ, осы салмақта Оңтүстіктің палуаны Асхат Жаңбыров күмістен алқа тақса, үшінші орын да шымкенттік спортшы Алихан Сатоевқа бұйырды. Жарыстың алғашқы күні де облыс қоржынына Әлімжан Сыздықов 98 келідегі спортшылар арасында қола медальға ие болған еді.

Еркін күрестен Акбар Елубайұлы чемпион атанса, Алментай Бақдаулет және Ержан Дүйсенбеков жүлдеге ілікті. Ал бойжеткендер арасынан Гүлшахрат Талаева мен Алтынай Сатылхан да үздіктер қатарында болды. Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!