«Мақтаарал» командасы биыл да бірінші лигада сынға түседі

278
Шымкенттегі оқу жаттығу жиыны жеті күнге жалғасады

Еліміздің бірінші лига командалары арасында Мақтаарал ауданының намысын қорғап жүрген «Мақтаарал» клубы биыл да өз жұмысын бастады. 2015 жылғы маусымды қорытындылай келгенде бұл команданың мешін жылы жарысқа қатысуы екіталай болатын.

Бір жағынан дағдарыс қысса, екіншіден аудан әкімі ауысып, ол азаматтың футболға деген көзқарасы белгісіз болған еді. Алайда, бұл мәселе шешімін тапқан сыңайлы. Қаңтардың 5-інен бастап мақтааралдық футбошылар оқу-жаттығу жиынын бастады.

Оқу жаттығу жиынының алғашқы күні клуб басшылығы футболшылармен кездесіп, алдағы іріктеуде сәттілік тіледі

«Мақтаарал» клубын биыл да Шайзидин Кенжебаев жаттықтырады. Клуб басшылығы шымкенттік бапкермен тағы бір жылға келісім-шартқа қол қойды. Өткен маусымда осы маманның бастауымен мақтааралдықтар бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде 8-сатыға тұрақтаған болатын. Мешін жылы алғашқы бестіктен көрінуді жоспарлайды.

Шайзидин Камалұлы былтырғы команда құрамын 5-6 футболшымен ғана толықтырмақ
Шайзидин Камалұлы бастаған бапкерлік топ былтырғы команда құрамын 5-6 футболшымен ғана толықтырмақ

Шайзидин Кенжебаев, «Мақатарал» командасының бас бапкері: «Жаттығуды ертерек бастадық. Команда құрамы аса өзгере қоймайды. Сол себепті көп футболшы шақырып отырған жоқпыз. Легионерлердің орнын толтырып, қажетті бірнеше футболшымен команданы толықтырсақ болды. Негізгі дайындық Атакентте өтеді.»

Команда құрамы өзгермеген. Мақтааралдың жастарына шымкенттік бірнеше ойыншы қосылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта легионерлер де шақырылады. Өткен жылы мақтааралдықтардың намысын сербиялық Александр Трайкович бастаған 3 шетелдік футболшы қорғауға тырысқан еді. Биыл да ептілерін іріктемек мақсатта.

Шымкенттегі оқу жаттығу жиыны жеті күнге жалғасады
Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны жеті күнге жалғасады

«Мақтаарал» командасына іріктеу  Шымкентте басталды. Тағы бір жетіден кейін Атакент ауылында оқу-жаттығу жиынында сынақ жалғасын табады. Ал өткен жылы команда құрамында болған Габидулла Аллашукуров пен Абылай Маханбетов «Ордабасы» футбол клубымен бірге Түркияға жол тартпақ.

Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында бапкерлер жергілікті ойыншылар арасында іріктеу жасамақ. Содан кейін өзге облыстардан да тәжірибелі аяқдопшылар шақырылады.

[youtube]https://youtu.be/a6rvjzt2cXw[/youtube]