Мақтааралдықтардың қатарын тағы екі футболшы толықтырды. Өткен маусымда Өскемендік «Востоктың» намысын қорғаған Сабырхан Ыбраев пен Айдар Арғынбаев «Мақтаарал» клубымен келісім-шартқа қол қойды. Еліміздің жастар құрамасында шеберлігін шыңдаған қос футболшы жерлестерімізбен бірге ақпан айында жаттығуды бастайды.
Оңтүстіктің «Мақтаарал» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Қаңтардың 10-26-жұлдызы аралығында Атакентте өткен жиын барысында команданың бас бапкері Шайзидин Кенжебаев 30-ға жуық футболшыны іріктеуден өткізді. Нәтижесінде команда құрамы 90% дерлік жасақталып отыр. Соның 80%ы — Оңтүстіктің жастары. Басым бөлігі — мақтааралдықтар.