«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мәжілісі өтті

336
"Нұр Отан" партиясы

Таяуда Шымкентте «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мәжілісі өтті. Партияның облыстық филиалы ғимаратында өткен мәжіліске облыс әкімі, партиясының облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Атамқұлов қатысты.

"Нұр Отан" партиясы

Көшбасшы ұйымдағы жоғары басқару органының отырысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланып, 29 қаңтар күні Елордада өтетін партияның кезектен тыс ХVІІ съезіне облысымыздан делегаттар сайлау жайы қаралды.

"Нұр Отан" партиясы

Мәжілісте партияның сайлауалды бағдарламасын облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Берік Оспанов таныстырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

– Барлығымызды ауқымды жұмыс күтіп тұр. Біз көшбасшымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саясатты іске асыруға барынша жұмылуымыз қажет, — деді Б.Серікұлы. — Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру, айтылған бағыттарды сапалы орындау ішкі бірлігіміздің арқасында ғана іске асады. Сондықтан баршамыздың саяси көзқарасымыз бен лайықты іс-әрекетіміз ел игілігіне бағытталуы тиіс. Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясына деген сенім күн санап артып келеді. Өңірімізде партия қатарына қабылданған азаматтар саны 107 414-ке жетіп, 19 филиалдағы бастауыш партия ұйымдарының саны 318-ді құрап отыр.

Бұған қоса Берік Серікұлы партияның жаңа сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарға кеңінен тоқталды. Өз кезегінде саяси құжаттағы жаңа әлеуметтік саясат жайлы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, облыстық кәріс этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, ал бағдарламадағы басымдықтар туралы партия ардагері Досыбай Шерімқұлов пікір білдірді.

"Нұр Отан" партиясы

Мәжіліс соңында алдағы аптада Астана қаласында өтетін партияның кезектен тыс ХVІІ съезіне оңтүстіктен қатысатын делегаттардың құрамы анықталды.

"Нұр Отан" партиясы