Оңтүстік Қазақстан облысында 10 мектеп пен 2 балабақша мемлекеттік аттестациядан өте алмады. Бұл туралы облыстық білім беру саласын бақылау департаментінің сайтында жазылған.
Бұл ақпаратқа сәйскес, мемлекеттік аттестация 2016 жылдың 6-23 қаңтары аралығында Оңтүстіктегі 43 мектепте өтті.
Соның нәтижесі бойынша 10 мектеп сынақтан өте алмады:
1. Рысбек Мырзашев атындағы №76 орта мектеп (Шымкент)
2. М.Шаханов атындағы орта мектеп (Арыс ауыл округі)
3. Монтайтас орта мектебі (Арыс ауыл округі)
4. Кенжебаев атындағы орта мектеп (Арыс ауыл округі)
5. М.Мәметова атындағы орта мектеп (Арыс қаласы)
6. Қаражантақ орта мектебі (Арыс ауыл округі)
7. №112 орта мектеп (Мақтаарал ауданы)
8. Жеңістің 50 жылдығы орта мектебі (Мақтаарал ауданы)
9. №118 орта мектеп (Мақтаарал ауданы)
10. Байзақов атындағы орта мектеп (Мақтаарал ауданы).
Бұған қоса 2 мектеп те аттестациядан өте алмағана — «Болашақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық мекемесі (Төле би ауданы) және «Барысхан» балабақшасы» жекеменшік мекемесі (Ордабасы ауданы).