Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні 545 мыңнан аса автокөлік құралы тіркелген. Сның ішінде 211 мың көлік Шымкент қаласына тиесілі.
Облыста 2,7 мың автобус жергілікті атқарушы органдарымен түзілген келісім-шарттар негізінде жолаушылар тасымалымен айналысады. Қоғамдық жолаушылар тасымалы қызметін облыстағы 59 жеке меншік тасымалдаушылар атқарады.
Облыстағы барлық қоғамдық жолаушылар тасымалдау бағыттар желісі бүгінгі күні 415 бағыттағы 2249 кестеден тұрады. Облыс аумағында 8 автовокзал мен 23 автобекет халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Ал 2015 жылы Төле би ауданы Ленгір қаласында заманауи талаптарға сай «Тау жұлдызы» автовокзалы салынып, облыстың автовокзалдар мен автобекеттер тізіліміне енгізілсе, Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің ғимараты салынып бітіп, бүгінгі күнде құжаттары рәсімделуде.
Облыс ішілік, аудан аралық және қала аралық жолаушылар тасымалдау бағыттарындағы жолақы құны 1 шақырымға 3,7 теңгені құрайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.