Оңтүстікте облыстық ассамблея хатшылығының қолдауымен медиация кабинеті ашылды. Кабинет облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде жұмысын бастап отыр. Медиатор — «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Хасан Бациев.
Медиация кабинетіне интернет жүйесіне қосылған арнайы сенім телефоны орнатылған. Жұмыс жоспары бекітіліп, мемлекеттік органдар мен аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, жастар қанаты, журналист-блогерлермен бірлесе жұмыс жасау жоспарлануда.
Сонымен қатар «Медиация» оқу-әдістемелік құралын басып шығарылмақ, деп жазады облыс әкімдігінің сайты.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, №7 «А» үйде орналасқан «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимараты, медиация кабинеті. Сенім телефоны — 8 (7252) 392-330.