Оңтүстік спортшылары 2015 жылы 1385 медаль жеңіп алды

259
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Оңтүстік спортшылары 2015 жылы 1385 медаль жеңіп алды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев хабарлады.

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысыОблыс спортшылары жыл басынан бері бірқатар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 396 алтын, 377 күміс, 340 қола медальға қол жеткізсе, осы уақыт аралығында Азия чемпионаттарында 76 алтын, 52 күміс және 55 қола медальге ие болды. Ал әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 47 алтын, 21 күміс және 21 қола медаль жеңіп алған.

Осылайша 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 12 спортшы жолдама жеңіп алып отыр. Олар: Юрков Юрий – оқ ату, Король Елизавета – оқ ату, Юнусметов Рашид – оқ ату, Жақыпов Біржан – бокс, Жаппарқұл Жазира – ауыр атлетика, Емельянов Александр, Султанбеков Даулет, Подойникова Ирина, Алексеев Евгений, Хайдаров Тимур, Сайдиева Луиза сынды спортшыларымыз байдарка және каноэда есуден қатысатын болады.

Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2015 жылы 500 мыңға жуық адам қамтылған 4567 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілген. Ал облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 632 566 адамды құрайды. Өңірімізде бүгінде 5178 спорт нысандары тіркелген.

Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 102 спорт нысанға артық. Айта кетейік, облыс көлемінде 59 спорт түрі (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) дамытылуда. Оның ішінде, өңірімізде ашылған байдарка және каноэда есуден оқу-жаттығу базасы мен көркем гимнастикаға арналған кешенді айрықша атап өтуге болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі