Оңтүстікте обылс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс аумағындағы су қоймаларының жағдайы, көктемгі су басуға, сел, қар көшкіні және сырғымалардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша дайындық іс-шаралары мәселелері қаралды.
ОҚО ТЖД бастығы А.Путейконың мәліметінше, облыс бойынша жалпы ұзындығы 2850 метр болатын арналарды түзету жұмыстары жүргізіліп, Түлкібас, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аудандарындағы Арыс, Құлан, Келес, Бөген өзендерінде ұзындығы 381 метрлік бөгет құрылған.
Сонымен қатар, Отырар, Шардара аудандарында, Арыс, Түркістан қалаларында Сырдария өзенінің су басу қаупі бас аймақтар тексеріліп, оның қорытындысы бойынша аталған аудандардың әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілген.
Комиссия отырысында департамент бастығы өңірдегі су басу қаупі жоғары аймақтар – Шардара, Созақ, Ордабасы аудандары мен Шымкенттің Қаратау ауданының аумағында құлақтандыру жүйесінің орнатылғанын хабарлады.
Жиында салада атқарылған жұмыстар бойынша облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Табылдиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Оспанов баяндама жасады.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша әр ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, тапсырмалар берді. Су тасқынының алдын алу жұмыстары аясында әр ауданда арнайы штаб құрылып, комиссияның жұмыс істеуі керегін жүктеді.
Жұмыс тобы аудан, қалалардың қауіпті аймақтарындағы қорғаныс бөгеттерін тексеріп, су тасқыны болуы мүмкін аумақтарды қажет болған жағдайда қайта қалпына келтіруі шарт. Сондай-ақ, облыс әкімі төтенше жағдай орын алуы мүмкін аймақтардағы халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзендерден бастау алатын арналарды шұғыл тазалап, кез келген жағдай үшін қажетті құралдардың дайын болуын тапсырды.
Осы тұста Сырдарияның жағдайы қалыпты дейді «Қызылорда су шаруашылығы» мекемесінің учаске басшысы. Негізі, оқыс мінез танытып қоятын Сырдарияның арнасынан асардай тасып, кемеріне кертіп жататын кезі дәл осы мезгіл.
Өзен жағасын жайлағасын дарияның күнделікті жағдайын қадағалап отыратын көпшіліктің алаңдауына әзірге себеп жоқ. Жағдай қалыпты дейді мамандар. Айтуларынша, дамбалар мен өзен жағалаулары да мықты. Дегенмен, қаңтардың соңы мен ақпан айларында күн суытуы мүмкін деген болжамдар дарияда сең жүруін де жоққа шығармайды.
Осыған орай тиісті сала қызметкерлері күзет пен кезекшілікті күшейтіп, белгілі ережені қатаң сақтап отыр. Сондықтан су басу қаупі бар аймақтағы тұрғындар да өздеріне өздері абай болу керек деген ескертулер жасалып жатыр.