Оңтүстік Қазақтанда бүгінгі таңда 10 кеден бекеті қызмет атқаруда. Олар – «Шымкент» кедендік рәсімдеу орталығы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Түркістан», «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш стансасы», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Әуежай-Шымкент» бекеттері.
2015 жылы кедендік шекара арқылы бақылаудан 8 млн 275 мың жеке тұлға, 45 мың жеңіл және 49 мың жүк автокөлігі, 606 мың жүк вагоны, 1000 жолаушылар пойызы және 615 әуе рейсі өткен. 23 354 тауарға арналған декларация ресімделген.