Ордабасы ауданының әкімі өзендердің қауіпті аймақтарын аралады

880
Әкім өзен арнасын аралады

Ордабасы ауданының аумағынан Арыс, Боралдай және Бадам, Шаян, Бөржар өзендері, Арыс-Түркістан каналы өтеді. Сонымен қатар ауданда Бөген, Бөржар, Теспе су қоймалары орналасқан. Ордабасы ауданындағы 57 елдімекеннің 27-сі канал мен өзендердің жағалауында орналасқан.

Өзен

Осыны ескерген аудан әкімі Самат Айдарханұлы, аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар және оның алдын алу жөніндегі комиссияның төрағасы Ғалымжан Үсенбаев, Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттар Өтебаев жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Арыс өзенінің қауіпті саналатын аумақтарын аралап, жағдаймен танысып қайтты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әкім өзен арнасын аралады

Бүгінде өзендегі су деңгейі қалыпты. Әйтсе де өңір басшысы төтенше жағдайлар мен оның алдын алу жөніндегі комиссия төрағасы мен ауыл әкіміне жағдайды тұрақты қадағалауға алып, бақылауды күшейтуді тапсырды.

2015 жылы Бозтоған, Маса, Шабай, Бозарық, Қызыл-Сеңгір, Теспе, Қазына, Құртай, Аққойлы арналарын ашу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Боралдай арнасындағы Көктөбе елдімекеніндегі су мұнарасын қарқынды судан қорғау бөгетін орнату және өзенді ескі арнасына бұру жұмыстары жүзеге асты. Темірлан ауылындағы Найман, Қазыналы каналдарының көпірі ағымдағы жөндеуден өтті.