Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Түркияға аттанды. Футболшылар сонда биылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті.
Бас бапкер Бахтияр Байсейітовтің қол астында 27 футболшы бар. Команда шетелде 5 жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Алғашқы сынақ кездесу 14 қаңтар өтеді. Жалпы, шымкенттік команда Түркияда 29 қаңтарға дейін болады. Осы уақыт аралығында команда сапына шетелдік футболшылар қосылып, бірқатар спортшылармен келісім-шарт жасалады.
Фото: Ихсан Қадыров