Төрт облыстың бойжеткендері ринг төрінде қолғап түйістірді. Әйелдер боксынан республикалық жарыста Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік спортшылары бас жүлде үшін таласқан болатын. Бұл жолы 100-ге тарта қатысушы 3 жас ерекшелігіне бөлінді. Жасөспірімдер 1,5 минуттық 2 раундта сынға түссе, жастар құрамасы 2 минуттан кездесті. Алғашқы күннің өзінде-ақ Тараздың бойжеткендерінің мықты екені байқалды.
Жарыс нәтижесінде тараздықтар 5 алтын медальды жеңіп алса, сыр елінен келген бойжеткендер 2 рет чемпион атанды. Ал қостанайлық қонақтар 1 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Алаң қожайындары 7 рет алтыннан алқа тақты. Бұл жарыс алдағы ел чемпионатына дайындық болатын. Наурыздың 14-19 аралығында өтетін турнир Шымкентке жоспарланған.