Шымкентте ірі компания басшысының көлігіне оқ атылды

262

Шымкентте қас қарая қарулы қақтығыс болды. «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің аумағында тұрған «KIA» автокөлігіне оқ жаудырылды.

Оқ атқандар медициналық бетперде киген екеу болған. Жедел-криминалдық топ оқиға орнынан травматикалық қарудың 5 гильзасын тапты. Оқ автомобильдің артқы жағындағы терезесін және қаңқасын тесіп өткен.

Құқық қорғаушылар оқыс оқиға кезінде оқ атылған көлікте екі адам болған деп отыр. Олар «Орталық Азия Интергаз» АҚ облыстық филиалының жетекшісі мен жүргізушісі екен. Қаскөйлер көліктің артқы орындығына жайғасқан басшыны көздеген деген күдік бар.

Абырой болғанда адамдар ол зардап шеккен жоқ. Қазір Абай полиция бөлімі бұл дерекпен шұғылдануда. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.