Шымкентте мемлекеттік айып тұрағы ашылады

378
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бір аптаның ішінде 20-дан астам көлік ақылы тұраққа жеткізілген

Шымкент қаласында муниципалды айып тұрағы ашылады. Бұл жайында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті. Шаһар басшысы ақылы көлік тұрағын жабдықтау үшін бөлім басшыларына тапсырма берді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бір аптаның ішінде 20-дан астам көлік ақылы тұраққа жеткізілген

Қала аумағының өсуі мен 40 елдімекеннің қосылуына байланысты шаһар көшелеріндегі автокөліктердің саны 190 мыңға жуықтағанын айтқан әкім жол ережесі сақталмайтынын тілге тиек етті. Әсіресе, той кортеждері кептеліс тудырып, жүргізушілердің мазасын қашыратыны айтылды. Қала басшысы полицейлерге бассыздықты жоюға, жүйелі жұмыс жасауға тапсырма берді.

Бұдан бөлек қала басшылығы жолаушылар тасымалын жақсарту мәселесіне тоқталды. Шымкент қаласынан муниципалды автобус паркін ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Оның өзіндік себебін түсіндірді.

Айтуынша, бүгінгі таңда шаһардағы 27 көлік компаниясының бәрі дерлік жекенің қолында. Ал муниципалды автопаркты ашу арқылы бұл қызметтің сапасы артады дейді әкім.