Шымкенттің әкімі Ғабидула Әбдірахымов қаладағы көп қабатты үйлердің жеделсатысын аралап шықты. Өзі екі ай бұрын уәде еткен лифтіні іске қосып, сынақтан өткізді. Терешкова көшесі тұрғындарының алғысын арқалап, дәл осы салада береген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Терешкова көшесі №50 үй тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Жылдар бойы қаңтарылып тұрған жеделсатыға жан бітіп, бүгін 9-қабатқа дейін қала әкімімен бірге шығып, жаңа лифтіні сынақтан өткізді.
Тұрғындар көкейтесті мәселесін осыдан бір ай бұрын қала әкімінің алдында көтерді. Арнайы алдарына келген басшыға зейнеткерлердің жоғары қабатқа жаяу шығып жүргенін жайып салды. Ғабидолла Әбдірахымов күрделенген мәселені шешіп, екі айдың ішінде жедел сатыны жүргізіп беруге уәде берген еді. Бүгін соның орындалғанын көрді.
Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Біз әлі 4 лифт алып қоямыз. Енді қалай болғанда да қалаға сол лифтерді күтіп-ұстайтын мекеме қажет.»
Бүгін қала әкімі үшін жедел сатыларды аралау күні болды. Терешкова көшесіндегі кездесуден кейін әкім Рысқұлов көшесінің бойындағы биыл қолданысқа берілген жерүсті өткелінің мүгедектер үшін арналған сатысын көрді. Мердігерлер осы лифтті ресейлік шеберлерге 7 млн теңгеге жасатыпты. Жоба бойынша бұл өткелде жеделсаты қаралмаған.
Енді Терешкова көшесіндегі №50 үйде тұратын, жастары алпысты алқымдаған аналар жоғарғы қабқа жеделсатымен шықса, Рысқұлов көшесіндегі көпірді пайдаланатын мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы қондырғыны еркін пайдалануға қол жеткізді.
Нұрлан Жаңабай