Футболдан Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Стас Покатилов «Ақтөбе» клубымен қош айтысып, Шымкенттің «Ордабасы» командасының сапын толықтырды. Бұл туралы «Караван» басылымы жазды.
«Ордабасы» құрамында Стас Покатилов ұлттық құраманың тағы бір мүшесі, қақпашы Андрей Сидельниковты алмастырады. Андрей өз кезегінде Алматының «Қайратымен» келісім-шарт жасасуы мүмкін.
Бір айта кетерлігі, немістің transfermarkt.de спорттық порталы Стасты ақтөбелік клубтың ең қымбат ойыншысы деп санап, трансферлік бағасы 1 миллион евроға тең деп жазады.