Төбелескен жүргізушілер жұмыстан шығарылды

221
Жүргізушілер төбелесі
Видеодан скриншот

Шымкентте жол бойында төбелескен автобус жүргізушілері жұмыстан шығарылды. Бұл оқиға 19 қаңтар күні орын алған болуы мүмкін. Жаға ұстасудың видеосы 19 қаѕтар күні әлеуметтік желіде жарияланып, тарап кетті. Жазба куәгердің автокөлігінің бейнекамерасына жазылып қалған.

Жүргізушілер төбелесі
Видеодан скриншот

Төбелеске тек шағын автобус жүргізушілері ғана емес, олардың кондукторлары қатысып, бірі-бірінің шашын тартқылауда. Оларды куәгерлер тез ажыратып жібергенімен, жүргізушілер біразға дейін жаға ұстасып тұрды. Дегенмен, қатты соққыға бара қойған жоқ.

Жүргізушілердің бірінің  айтуынша, қарсыласы полиция шақырамын деп қорқытыпты. Бұл азамат соны күтіп отырдық дейді. Кейін өзі 102 нөміріне хабарласса, ешкім төбелес жайлы арызбанбаған екен.

Содан бұл азамат өзі полицияға хабар береді. Анық болғаны, екі қоғамдық көліктің бірінің жүргізушісі озып кетпек болған. Алайда алдынан жаяу жүргінші шығып қалып, кілт тоқтауға мәжбүр болдым дейді.

Сол кезде соңынан келген көлік соғып, екі көілкке аздаған материалдық шығын келеді. Соның салдарынан №145 бағыттағы шағын автобустың жүргізішісін №87 бағыттағы көліктің кондукторы тырнап тастапты. Оған жүргізуші келіп қосылды дейді бұл азамат.

Осы оқиғадан кейін «Ордабасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоғамдық көлік жүргізушілерінің екеуі де жұмыстан босатылды. Енді оқиғаға кімнің кінәлі екенін полиция қызметкерлері анықтайды.