Шымкент қаласындағы Терешкова көшесіне жарық шамдары орнатылды. Бұрынғы «МЖК» атауымен көпшілікке таныс ауланың тұрғындары үшін мұндай абаттандыру жұмыстары көптен бері қажет еді.
Енді жергілікті халық түнде алаңдамай жүретін болады. Бұл үшін тәртіп сақшыларының жұмысы да күшейтіледі. Көріктендіру жұмыстары аясында көшедегі 60-тан аса бағанаға жарық шамдары қойылған.
Сондай-ақ, Терешкова көшесіндегі №50 «А» үйге жеделсаты орнатылатын болды. Алайда бұл бағыттағы коммуналдық жұмыстар демеушілер есебінен жүргізілмек.