Туберкулезге шалдыққандар жәрдемақы алады

479
Туберкулез

2016 жылдан бастап құрт ауруына шалдыққандар мемлекеттен арнайы жәрдемақы алады. Өйткені науқастарға тұрақты режимдегі емделу мен дұрыс тамақтану қажет. Ал бұл үшін аталған дертпен ауыратын азаматтардың барлығының мүмкіншілігі жете бермейді.

ТуберкулезНақтырақ айтқанда, туберкулезге шалдыққандардың басым дені әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар. Сондықтан дәрігерлер билік басындағылармен келісіп, арнайы жәрдемақы беруді ұсынған болатын.

Болатхан Сағымбеков:  облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері: «Тағайындалған жәрдемақыны кез келген науқас ала бермейді. Арнайы талаптары бар. Әлеуметтік көмекті алу үшін туберкулезге шалдыққан азамат тұрақты түрде ем қабылдауы тиіс. Бұл жағдай дәрігерлердің тікелей бақылауында болады.»