Биыл актер, әнші, ақын әрі композитор Владимир Высоцкийдің туғанына — 78 жыл. Қаламгердің туған күніне орай жерлестеріміз еске алу кешін өткізді. Онда өнер иесінің өміржолы айтылып, тыңдарманның жүрегінде жатталып қалған шығармалары кеңінен орындалды. Осы концерттік шараға қатысу үшін шаһарамызға Тараз, Алматы қалаларынан бөлек Өзбекстаннан келгендер де көп. Дәстүрлі кеште олар сазгердің сезімге тұнған әндерін қосыла шырқады.
Марс Садыков, ұйымдастырушы: «Қаламгердің құрметіне биыл 16-рет еске алу шарасын қолға алдық. Жыл сайын біз ақынның әндерін, шығармаларын шебер орындайтын адамдарды іздейміз. Оларды тапқан соң, осы кешке әкеліп, сахнада өнер көрсетуіне жағдай жасаймыз. Мұндағы мақсатымыз — таланттарды көпке таныту ғана емес, ақынның өлеңдерін насихаттау.»
Өнер адамдарына құрметпен қарайтын жандар бұл жолы да жырларды жатқа оқуды ұмыт қалдырмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің ерекшілігі де сол — кез келген көрерменге өнер иесінің өлеңдерін сахнаға шығып орындауына мүмкіндік жасалды.