Владимир Высоцкийді еске алу кеші өтті

Владимир Высоцкий

Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында актер, әнші, ақын әрі композитор Владимир Высоцкийді еске алуға алуға арналған кеш өтті. 25-ші қаңтарда шығармашылық иесі көзі тірі болғанда 74 жасқа толар еді.

Қаншама жандарды өнеріне тәнті еткен Высоцкий өзі туылған күнін атап өтуді ұнатпаған екен. Оған қоса ол өмір сүрген ортада билік өкілдері өткір тілді ақынның өлеңдерін жарыққа шығармауға барынша тырысып баққан.

Дегенмен халыққа ұсынған концерттерінен-ақ Высоцкийдің өлеңдері тыңдарманның жүрегінде жатталып қалды. Шымкентегі дәстүрлі кеште ерекше болды. Кез-келген көрермен өнер иесінің өлеңдерін сахнаға шығып орындауына мүмкіндік жасалды.