Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары енді мүгедек азаматтарға үйде қызмет етеді. Ол үшін мүмкіндігі шектеулі жандар 1414 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына хабарласса болғаны.
І топ мүгедегі Айсұлтан Шынәлиев осындан екі жыл бұрын көлік апатына ұшырап, арбаға танылды. Мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан қолөнермен айналысатын ол болашақта өз кәсібін ашқысы келеді. Сондықтан орталықтың қызметіне әлі талай жүгінерім анық дейді.
Бұл қызметті І, ІІ топ мүдектері тегін пайдалана алады. ХҚКО мобильді тобын шақыру үшін азамат біртұтас байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы телефон шалады, өзінің деректерін айтады. Қызмет алу үшін қажет құжаттар тізімін алып, сұраныс қалдырады. Содан кейін сұраныс берушіге ыңғайлы уақыт белгіленіп, ХҚКО қызметкері қызмет көрсету үшін жолға шығады.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға үй жағдайында көрсетілетін қызмет түрі таныстырылды. Орталықта демалушылар мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, заманауи жүйенің қалай іске асырылатынын хабардар болды.
[youtube]https://youtu.be/byKnNCZr2wY[/youtube]