Созақта 200-ден аса мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

36

Созақ ауданында 236 ерекше күтімді қажет ететін азамат жұмыспен қамтылды. Бұл шара «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» шеңберінде жүзеге асты.

Бастапқыда 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланған еді. Меже артығымен орындалды. Атап айтқанда 82 адам тұрақты , 2 тұрғын әлеуметтік бағдарлама негізінде екі қолға бір күлек тапты.

Ал жастар практикасына 4 адам, қоғамдық жұмыстарға 83, бизнес бастау жобасы бойынша 43, мемлекеттік грантқа 14, қысқа мерзімді оқуға 4, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 1, «Күміс жас» жобасымен 3 адам қамтылды. Сонымен қатар ауданда жалпы көлемі 4440 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.