Жоғалып кеткен Қарағанды азаматы Шымкентте өлі табылды

331
Әл Фараби полиция бөлімі
Әл Фараби полиция бөлімі

Шымкенттің полицейлері қаладағы дендросаябақтың маңынан табылған белгісіз тұлғаның жеке басын анықтады. 2016 жылдың 11 қаңтары күні Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне саябақтың маңынан бас жарақатын алған белгісіз тұлғаның мәйіті табылғаны жөніндегі хабарлама түскен.

Әл Фараби полиция бөлімі
Әл Фараби полиция бөлімі

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері марқұмның дене бітімі орта, бойы 180 см, джинси шалбар мен қара түсті шұлық, қара түсті бәтіңке киген, 40-45 жас аралығындағы азиат ұлтты ер кісі екенін анықтады.

Сот-медициналық сараптама ер кісінің жабық бас ми жарақаты салдарынан қайтыс болғанын көрсетті.
Полицейлер жақын маңдағы үйлерді, дүкендерді және басқа да мекемелерді аралап сұрастыру жұмыстарын жүргізеді және бұқаралық ақпарат құралдарына жүгініп, осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат алуға жұмыстар жүргізілген болатын.

17 қаңтар күні ОҚО ІІД-не 45 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны шағымданды. Ол бір апта бұрын ағасы жоғалып кеткенін мәлімдеді. Табылған мәйітті арызданушыға көрсеткенде, ол марқұмның Шымкент қаласында уақытша тұратын, 1969 жылы туылған өзінің ағасы екенін таныды.

Қазіргі таңда орын алған жайт бойынша полицейлер тыңғылықты тергеу іс-шараларын атқаруда.