Орталықтандырылған жүйеден жылумен қамтылатын тұтынушылар енді коммуналдық төлемді «Қуат жылу орталық-3» мекемесіне төлейтін болады. Аталған коммуналдық кәсіпорын 1751 көп қабатты және 307 жеке үйдегі 64 983 тұтынушыны жылумен қамтитын болады.
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес жылу жүйелері коммуналдық меншікке өтті. Яғни, 2015 жылдың 18 қарашасынан бастап тұтынған жылу құны «Қуат жылу орталық — 3» мекемесіне төленетін болады. Төлемдерге қатысты мәселе туындаса 35-49-47, 35-47-92, 35-47-93 телефондарына хабарласыңыз.