Елеуовтер отбасы елеусіз қалмады. Алматылық кәсіпкер әйел сал ауруына шалдыққан үш бала өсіріп отырған Елеуовтер отбасына 4 бөлмелі пәтер сыйлады.
Көпбалалы отбасы жаңа қонысқа 1 наурызда көшеді. Қазіргі таңда отағасы үйдің құжаттарын рәсімдеуде. Көмекке мұқтаж отбасына дер кезінде қол ұшын беріп, жомарттық танытқан жандар көп болды. Оларға отбасы мүшелерінің алғысы шексіз.
Еске салайық, Елеуовтер отбасы Шымкентке осыдан екі жыл бұрын Қазығұрт ауданынан көшіп келген. Олар қалаға балаларына медициналық көмек алу мақсатында келген, дегенмен табыстарының көп бөлігі азық-түлік пен пәтер жалдап тұруға кетеді екен. Отағасы Әлихан Елеуов өздігімен жүре алмайтын балаларын тәрбиелеу үшін жұмысын тастауға да мәжбүр болғанын айтады.
Шынар Оразова