Күдікті азаматша
Күдікті азаматша

Шымкенттің 30 жастағы тұрғыны есірткі затын сатпақ болды деген күдікпен ұсталды. Бұл азаматшадан героин тәркіленген.

Күдікті азаматша
Күдікті азаматша

Облыстық ішкі істер департаментінің естірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдікті әйелді Шымкенттегі Ворошилов елдімекенінде қолға түсірген. Келіншектің жеке басын тінту кезінде қағазға оралған ұнтақ табылып, тәркіленді.

Героин
Тәркіленген героин

Сот-криминалистикалық сараптамасы нәтижесінде тәркіленген заттың салмағы 1 грамға жуық героин екені анықталып отыр. Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды.

Күдікті қамауда жатыр. Еңбекші полиция бөлімінің тергеушілері қылмысты іс бойынша тергеу жұмыстарын атқаруда.