Ақша талап еткен оқытушы жұмысынан шығарылды

283
Ақша талап еткен мұғалім

Оңтүстікте сынақ-емтиханнан өткізу үшін студенттерден ақша талап еткен оқытушы жұмыстан босатылды. Бұл бейнежазба алдымен фейсбук әлеуметтік желісінде, кейіннен бүкіл қазнетке тарап кетті.

Ақша талап еткен мұғалімОқиға қысқы сессия кезінде болған. Педагог шәкірттерге ойдағыдай баға қою үшін 1500 теңге ақша талап еткен.

Ал бүгін белгілі болғандай, бейнежазба кейіпкері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылындағы «Агробизнес және туризм» коледжінің математика пәні мұғалімі екен. 27 жылдық еңбек өтілі бар 51 жастағы оқытушыны коледж басшылығы бірден жұмыстан шығарып жіберіпті.

Мұғалім еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы бойынша қызметінен шеттетілген. Арнаулы орта оқу орны директорының міндетін атқарушы бейнежазбадағы педагогты жақын араласым жоқ деп, оған мінездеме берген жоқ.