Шымкентте бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры ғимаратынан тағы да өрт шықты. Өрт сөндірушілерге суыт хабар таңғы сағат 9 шамасында түскен. Ғимараттан шығып жатқан түтінді көрген сол маңдағы жастар орталығының қызметкерлері 101 нөміріне хабар берген.

"Қазақстан" кинотеатры өртендіОқиға орнына 4 арнайы көлік пен өрт сөндірушілер келіп жетті. Абырой болғанда тілсіз жау бірнеше минуттың ішінде сөндірілді.

Еске салайық, бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры биылдыққа осымен екінші рет өртеніп отыр. Бұған дейін 11 қаңтар күні ғимараттың бір бөлігі жалынға оралған болатын.