Қызметшісін ұрлап, жәбір көрсеткен кәсіпкер сотталды. Шымкентте «Дефиле» дүкені қожайнына қатысты іске нүкте қойылды.
Басшысына шағымданған жұмысшылары кешірім беріп, өзара татуласқанымен, дүкен қожайыны 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Алғашқы кезде қылмысты кодекстің 4 бабымен айыпталған кәсіпкер мен оның көмекшісі екі бап бойынша кешірілген. Дегенмен, адам ұрлағаны мен тонағаны үшін жауапкершіліктен жалтара алмады. Судья оларды кінәлі деп тауып, үкім шығарды.
Еске салайық, жәбірленуші, 28 жастағы Тахир Тахтаходжаев өзін 29 сәуірде белгісіз адам көлікке мінгізіп алып, таулы аудандағы саяжайлардың бірінде бірнеше күн бойы қамап ұстағанын, аяусыз ұрып-соққанын көпшілікке жайып салған болатын.
Оныѕ сөзінше, «ақша қарызсың» деп қинаған қожайыны 200 мың теңге шамасындағы қаржыны 2 млн теңге етіп қайтаруға мәжбүрлеген. Әрі тілхат жаздырып алған. Кезекті рет қинауға тап болған жәбірленуші қашып кетіп, келесі күні полицияға шағымданған еді.