Шымкенттік жолаушылар электронды билетпен жуық арада жүрмейді. Бүгін белгілі болғандай, жобаны зерттеп жатқан кореялық компания саралау жұмыстарына тағы бір ай сұрапты.
Еске салайық, шаһардағы жолаушылар тасымалына жаңалық енгізбек болған шетелдік мамандар 10 ақпанда қандай да бір шешімдерін айту керек болатын. Сала мамандарының айтуынша, бұл мекемелер бұған дейін Алматы қаласындағы «Оңай» жүйесін іске қосқан.