Шымкетте есірткі затын алып жүрген 45 жастағы азамат ұсталды. Оны облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірген.
Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1971 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктінің үйін тексеру кезінде марихуанаға ұқсас зат салынған 30 данадан астам сіріңке қорабы табылды.
Сот-криминалистикалық сараптама нәтижесінде тәркіленген естірткі затының салмағы 140 гр астам марихуана екені анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр.