Биыл күнгейлік қыз-келіншектер де ЭКО жүйесімен ана атана алады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оларды жасанды жолмен ұрықтандыруға арнайы квота бөлді. Мұндай тегін әлеуметтік көмек Шымкенттегі медициналық орталықта алғаш рет жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет бөлген квотаға іліну үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханада бедеулік бойынша диспансерлік есепте тұруыңыз керек. Одан кейін ерлі-зайыптылар терапевт, гинеколог дәрігерлерден, зертханалық зерттеулер, қондыру алдындағы генетикалық диагностикалау сынды 70-ке жуық медициналық тексеруден өтеді. Жасанды ұрықтандыруды жасауда репродуктолог-дәрігердің шешімі де маңызды. Өйткені осы маманның қорытындысымен ғана ұрықтың жарамды немесе жарамсыз екені анықталады.
Айгүл Сапарғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары: «Тегін квота Қазақстан бойынша бес клиникада жасалады. Алматы қаласында екі орталық бар, Астана қаласында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы,Эколайф клиникасы және Тарарако жамбыл клиникасы. Биылдан бастап біздің облыстағы «Эколайф» және «Брак и Семья» медициналық орталықтары тегін квота бойынша жасанды ұрықтандыру тәсілін жасуы мүмкін. Бірақ, әзірге белгісіз.»
Енді сандарды сөйлетсек. Қазіргі таңда елімізде 2 000 әйел қолдан ұрықтандыруға зәру. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ал белсіз, бедеу екендерін жасырып жүргендер қаншама. Сондықтан ұрпақсыз қалып жатқан отбасылардың саны әлдеқайда көп. Жалпы, елімізде 9000 бала жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген.