Шымкенттегі Пушкин атындағы кітапханада жазушы Мархабат Байғұт пен Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлына арналған бұрыш ашылды. Көрнекі құралдармен көмкерілген сөре кітапқа толы.
Онда Мархабат Байғұттың 1993 жылдан бергі жазған еңбектері орналасқан. Ал Мекемтас Мырзахметұлының соңғы жарты ғасырға жуық ғұмырында Абайды зерттеудегі туындылары қойылыпты.
Бұлар әдебиетсүйер қауым мен жоғары оқу орындарының педагогтары және ғалымдарына, сондай-ақ, студенттерге таптырмас дүние болып саналады. Кітапханашылар мен өнер жанашырларының айтуынша, арнайы бұрышта қазақтыѕ қос дара тұлғасының әдебиет жанрындағы бірегей және құнды баспа құралдары қойылыпты.