Мас жүргізуші қашамын деп жүріп, жол апатына ұрынды

143
Мас жүргізуші
Мас жүргізуші

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары жол апатын жасаған мас жүргізушіні ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 10 ақпан күні Темірлан тасжолында болған. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жаяу жүргіншіні өткізбеген Лада Приора көлігін байқайды. Оны тоқтатпақ болған инспекторлардың нұсқауына бағынбаған жүргізуші көлігімен қаша жөнелген.

Сол бетімен кеткен Приора көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, жолдың шетіне шығып кетеді. Содан кейін қоршауды бұзған.

Қоршауды бұзды

Соңынан қуып келген инспекторлар осы жерде жүргізушіні ұстады. Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпек болған азаматтың жеңіл дәрежеде мас екені кейін сараптамада анықталды.

Мас жүргізуші

Қазір осы факті бойынша полиция қызметкерлері жүргізушінің үстінен бірден үш бап бойынша әкімшілік хаттама толтырды: билік өкілінің заңды талабына бағынбау, автокөлікті мас халде басқару және қозғалыста жаяу жүргіншіге жол бермеу.

Лада көлігі ақылы айып тұрағына қойылған. Тексеру жалғасуда.