118 мектепке — 400-ден астам үміткер. Шымкентте қала мектептеріндегі асханаларды жалға алып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларын тамақтандыруға жарияланған конкурсқа қатысушылардың байқауы басталды.
Жалпы, Шымкентте 124 білім ошағы болса, оның алтауында асхана жоқ екен. Сондықтан қала қазынасынан қаралған, күнделікті берілуі тиіс 218 теңге сол бүлдіршіндердің есеп-шотына аударылады. Ал тегін тамақтанатын 8 мыңнан астам балаға бюджеттен 265 млн теңге қаралыпты.