Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабтары жұмысын бастады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары, облыстық штаб жетекшісі Берік Оспанов мәлімдеді.
– 29 қаңтарда Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен съезде партиямыздың «Қазақстан –2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы бекітілді, — деді Берік Серікұлы. — Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, штабтың күнтізбелік жоспары әзірленді.
Көшбасшы партияның облыстағы сайлауалды штабтары 30 қаңтардан іске кіріскен. Алдағы уақытта облыстық штабта — 62, ал аудандық, қалалық штабтарда 355 азамат пен өңірдегі сайлау учаскелерінде 3222 сенімді өкіл жұмыс жасамақ.
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ баспасөз қызметі